• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Спорт 14 Қараша, 2022

Алан Құрманғалиев Словакияда қола медаль иеленді

333 рет
көрсетілді

Қазақстандық Алан Құрманғалиев Словакияда өткен WTT Youth Contender Senec 2022 халықаралық үстел теннисі турнирінде қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Алан 19 жасқа дейінгі жас санатында сәтті өнер көрсетті. Ол Пуэрто-Рико спортшысы Джамдиэль Торрес, Польша өкілі Михал Вандахович, Чехия теннисшісі Степан Брхель, мексикалық Рохелио Кастро және Германия өкілі Андре Бертельсмайерден озып, жеңіс тұғырының үшінші сатысна тұрақтады.