• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Экология 14 Қараша, 2022

Каспий итбалықтарының неден қырылғаны белгілі болды

635 рет
көрсетілді

ҚР Парламентінің балық шаруашылығын дамыту жөніндегі мәжілісінде Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Каспийдегі итбалықтардың жаппай қырылу себебін атады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Талқылау кезінде министр итбалықтардың өлімі 7 қарашада байқалғанын атап өтті. Бүгінде өлген итбалықтардың саны 141-ге жетті. Министрдің айтуынша, бұл мәселе бойынша шаралар қабылданып, мемлекеттік комиссия құрылды.

Оның айтуынша, мамандар тиісті зерттеу жұмыстарын жүргізген. Олар итбалықтар күкіртті сутектің шығарылуына байланысты қырылды деген болжам жасап отыр.

«Итбалықтар оттегін алу үшін су бетіне шығып, су астына қайта жүзеді. Жалпы суда ғана емес, жер беті мен ауадағы қандай да бір зиянды өзгерістер итбалықтарға да, басқа балықтарға да әсер етеді. Біздің мәліметтеріміз бойынша, Каспийде 300 мыңнан астам итбалық бар. Қазіргі уақытта ведомство Каспий және биоалуантүрлілік мәселелері жөніндегі мемлекеттік институтты құру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр», деп түйіндеді Серікқали Брекешев.

Айта кетсек, Каспий теңізінің жағасында Баутино ауылы мен Форт-Шевченко қаласы арасында итбалықтардың 100-ден астам өлексесі табылған. 

Құқық қорғау органдары итбалықтардың жаппай қырылу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.