• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Экология 14 Қараша, 2022

Елімізге Ресейден Амур жолбарыстары әкелінеді

538 рет
көрсетілді

Тұран жолбарыстарын қайта қалпына келтіру мақсатында Ресей Қазақстанға Амур жолбарыстары тегін береді. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Тұран жолбарысының популяциясын қалпына келтіру бойынша жұмыс жалғасуда. Іле-Балқаш қорығы Тұран жолбарысы популяциясын қайта жаңғыртуға дайын. Біз қорықтың 415 мың гектардан астам жерін анықтадық. Жолбарыстар туралы, қыркүйек айында Ресей Федерациясында өткен Қиыр Шығыс экономикалық форумында біздің өкілдер Ресей Федерациясының Табиғат министрлігімен меморандумға қол қойды. Қазіргі уақытта тиісті жол картасы дайындалуда, оған сәйкес 2025 жылы біз ғылыми зерттеулер мен негіздеуден басқа Амур жолбарысының бірінші партиясын әкелуді жоспарлап отырмыз», деді Серікқали Брекешев.

Экология министрлiгiнiң басшысы жем-шөп базасы дайындалғанын, қорыққа Бұқар бұғылары жеткiлiктi мөлшерде әкелiнгенiн, бұл аумақта қабан мен елік те кездесетінін атап өтті. Серікқали Брекешев мұның азаматтарға қауіп төндірмейтінін де атап өтті.

«Жолбарыстарды ресейлік тарап бізге тегін береді. Сондықтан бұл жерде төлем туралы мәселе жоқ. Амур және Тұран жолбарыстарына келетін болсақ, ғалымдарымыз ДНҚ бойынша Тұран жолбарыстарына ұқсас ең қолайлы жолбарыс дәл Амур жолбарысы екенін дәлелдеді. Сондықтан Амур жолбарыстарын Іле-Балқаш қорығының аумағына қайта жерсіндіру туралы арнайы шешім қабылданды», деп түсіндірді С. Брекешев.