• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
28 Мамыр, 2010

ҚАЗАҚСТАН ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕСТІҢ АЛҒЫ ШЕБІНДЕ

500 рет
көрсетілді

Кеше Алматыда өткен ТМД мем­лекеттері Салық (қаржы) тексеру органдары бас­шылары үйлестіру кеңесінің  ХІІ оты­рысына қатысушылар сыбайлас жем­қорлыққа қарсы біздің еліміздегі күрес тәжіри­бесін бұрынғы кеңестік кеңістіктегі ең жақсылардың бірі деп таныды. Екі күнге созылатын бұл салиқалы форумға Қазақ­станның, Ресейдің, Әзірбайжанның, Арме­нияның, Беларусьтің, Қырғызстанның, Латвияның, Молдованың, Тәжікстанның, Украина мен Эстонияның құқық қорғау қызметтерінің өкілдері қатысуда. Қазақстан Республикасының Экономи­калық қылмысқа және сыбайлас жемқор­лыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары Андрей Лукиннің сөзіне қарағанда, Қазақстанның Қаржы полициясы академиясы  сыбайлас жемқорлықпен, экономикалық және салық қылмыстарымен күрес жөніндегі бөлімшелер үшін білікті кадрлар даярлау орайындағы базалық оқу орнына айналған. Мұнда қазірдің өзінде Ресейден, Беларусьтан, Қырғызстаннан, Молдова мен Украинадан курсанттар келіп тәлім алып кеткен. Ресей Федерациясы ішкі істер ми­нистрінің орынбасары Евгений Школов қазақстандық қаржы полициясының сы­байлас жемқорлық пен экономикалық қыл­мыстарға қарсы пәрменді әрекет етудегі елеулі табыстарын атап өтті. Оның ай­туынша, ТМД елдерінің құқық қорғау ор­ган­дары Қазақстан Республикасының кө­леңкелі экономика үлесін кеміту жөніндегі озық тәжірибесін қабылдап алып, кор­ру­пцияға қарсы мониторингтің өңірлік тетіктерін жасаулары, лаңкестікті қаржыландыруға және ақшаны жасырып-жабуға қарсы күрестегі іс-қимыл бірлігін нығайта түсулері қажет. Қорғанбек АМАНЖОЛ.