2022 жылдың 15 қарашасында әлем халқының саны 8 миллиард адамға жетті. Мұндай деректі статистикалық сайттың онлайн-есептегіші келтірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Worldometers.info сайтының мәліметтері бойынша 15 қарашада Астана уақытымен сағат 14:00-де жер халқының саны 8 000 000 002 адамға жетті.
Бұған дейін БҰҰ 15 қарашаға дейін адамзат саны 8 миллиардқа жетеді деген болжам жасаған еді.
Айта кетсек, XIX ғасырдың басында Жер халқы алғашқы миллиардқа жетті. 120 жылдан кейін ғана әлемде адам саны екі есеге өсті.
Планетада өмір сүретін адамдар санының негізгі өсуі XX ғасырда болды. Адамзат арасында өлім-жітімнің төмендеуі және өмір сүру ұзақтығының артуы аясында халық саны 1,6-дан 6 миллиардқа дейін өсті.