17 қарашада Астана қаласында жұмыс іздеп жүрген азаматтарға арналған кезекті жалпықалалық бос орындар жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
«17 қараша күні сағат 14.00-ден 17.00-ге дейін бос жұмыс орындарына жұмысқа орналасу мақсатында жұмыссыз азаматтарға арналған жалпықалалық бос орындар жәрмеңкесі өтеді. Іс-шараға 50-ден астам жұмыс беруші қатысады», делінген хабарламада.
Айта кетсек, жәрмеңке Астана қаласы әкімдігінің «Жастар сарайы» МКҚК Республика даңғылы, 34 мекенжайы бойынша өтеді.