«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да компания басшылығының сингапурлық PSA International Pte Ltd компаниясының логистика және цифрлық көлік дәлізін дамыту саласындағы стратегиялық ынтымақтастық бойынша өкілдерімен кездесуі өтті.
Тараптар Азия-Еуропа цифрлық сауда дәлізін құру мәселелерін талқылады. Бұл бастаманы іске асыру Мемлекет басшысы елдің транзиттік әлеуетін арттыру және жаһандық логистикалық экожүйедегі сенімді көлік хабы ретіндегі Қазақстанның имиджін нығайту бойынша қойған маңызды міндетін шешуге мүмкіндік береді.
Кездесуде PSA International Pte Ltd – Crimson Logic еншілес компаниясы ҚТЖ мамандарымен бірлесіп әзірлеген бірыңғай цифрлық платформа таныстырылды. Жаңа жүйеде Calista-AE жеткізу тізбегін басқару бойынша сингапурлық онлайн-платформаның ҚТЖ ақпараттық жүйелерімен интеграциялану мүмкіндіктері пайдаланылды.
Цифрлық шешімді Транскаспий халықаралық көлік бағдарында қолдану жоспарланып отыр. Платформа клиенттер үшін сапалы және ыңғайлы сервис жасап, халықаралық тасымалдаушылар үшін маршруттың тартымдылығын арттырады. Цифрлық формат мемлекеттік органдармен және экспедиторлармен ашық өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді. Транзиттік жүктерді ресімдеу кезінде қағаз құжат айналымын болдырмаудан басқа, жүктерді жеткізу мерзімі қысқарады.
PSA International Pte Ltd – 26 елде терминалдары бар әлемдегі ең ірі порт операторларының бірі.