• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
29 Мамыр, 2014

Мемлекет басшысы Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуымен құттықтады

270 рет
көрсетілді

АСТАНА. 29 мамыр. Еуразиялық экономикалық одақ бұл ең алдымен экономикалық бірлестік, қатысушы мемлекеттердің саяси егемендігіне еш қатысы жоқ. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шартқа қол қойылғаннан кейін осылай деп ресми түрде мәлімдеді. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады. Президент: «Қымбатты Қазақстанның, Ресей мен Беларусь елінің азаматтары! Ханымдар мен мырзалар! Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа салтанатты түрде қол қою қоғамдық өкілдер, зиялы қауым мен үш елдің Парламент депутаттарының корпусы, баспасөз өкілдері мен жастар қатысып отыр. Мен баршаларыңызды Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шартқа қол қойылуымен құттықтаймын! Біз өзіміздің экономикалық әлеуетімізді халықтарымыздың игілікте өмір сүруі үшін біріктіріп отырмыз. Еуразиялық экономикалық одақ бұл ең алдымен экономикалық бірлестік, қатысушы мемлекеттердің саяси егемендігіне еш қатысы жоқ», – деді. Жолдыбай Базар. Дереккөз: «ҚазАқпарат». Фото: «ҚазАқпарат».