• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
29 Мамыр, 2014

Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шартты ратификациялау қажет

410 рет
көрсетілді

АСТАНА. 29 мамыр. Мемлекет басшысы Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы келісім-шартты ратификациялау уақытын біріздендіруді ұсынды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады. Астанада өтіп жатқан Жоғары еуразиялық экономикалық кеңес үстінде Нұрсұлтан Назарбаев: «Құжатқа қол қойғаннан кейін, оны парламенттерімізде ратификациялау қажет. Сондықтан, біздің депутаттық корпустарымыздың алдында қазіргі кездегі ең маңызды әрі кең ауқымды Халықаралық құжаттардың бірі болып саналатын біздің бүгінгі келісім-шартымызды бекітуде үлкен жұмыс күтіп тұр», – деді. Сондай-ақ, ол: «Мен бұл жұмыстың уақытын үш елде де біріздендіріп, одақтың 2015 жылдың 1 қаңтарында толық жұмысқа кірісуін қамтамасыз етуді ұсынамын», – деді. Мемлекет басшысы Кеден одағына мүше елдердің парламенттерінде бірігіп жұмыс істеудің мол тәжірибесі бар екенін атап өтті. Президент: «Біздің парламенттерімізде бір уақытта ратификациялау тәжірибесі бар. Сондықтан, менің ойымша, депутаттарымыз бұл қызметті абыроймен атқарып шығады, бұл жолда біз оларға барлық құжаттарды дайындауда көмектесеміз», – деді. Жолдыбай Базар. Дереккөз: «ҚазАқпарат». Фото: Орынбай Балмұрат.