• RUB:
    5.31
  • USD:
    463.77
  • EUR:
    495.49
Басты сайтқа өту
Қазақстан 17 Қараша, 2022

Оңал Бекиев ІІМ аппаратының басшысы болып тағайындалды

407 рет
көрсетілді

Министр Марат Ахметжанов басқарушы құрамға Ішкі істер министрлігі аппаратының жаңа басшысын таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz. Бұл туралы ІІМ-нің ақпараттық порталы жазды. 

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Ішкі істер министрінің бұйрығымен Ішкі істер министрлігі аппаратының басшысы лауазымына полиция генерал-майоры Бекиев Оңал Ботайұлы тағайындалды.

Оңал Бекиев Алматы облысының Ішкі істер департаменті, ІІМ Кадр саясаты департаменті, Көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары болып жұмыс жасады. Ал 2019 жылдың қазан айында Ішкі істер министрлігінің Көліктегі полиция департаментінің бастығы болып тағайындалған.