Петропавлда техникалық қызмет көрсету орталығында көліктің газ қондырғысы жарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқыс оқиға бүгін Петропавлдағы Гашек көшесінде орналасқан техникалық қызмет көрсету орталықтарының бірінде болған. Салдарынан 9 адам зардап шекті.
Жарылыс кезінде ТҚК орталық ғимараты құлады. Сондай-ақ өрт болған.
Оқиға орнында жедел жәрдем мамандары түрлі деңгейде жарақат алған 9 адамға алғашқы медициналық көмек көрсетті. Әзірге жарақаттанғандар туралы нақты ақпарат жоқ.
Өрт сағат 16:53-те толық сөндірілген. Оқиға орнында өрт сөндіру қызметінің 10 техникасы мен 43 маманы жұмыс істеді.
Қаза тапқандар туралы дерек жоқ. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.