• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
Елорда 18 Қараша, 2022

Астанада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

292 рет
көрсетілді

Алдағы демалыс күндері, 19-20 қарашада, Астанада ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жәрмеңкеге тауар өндірушілер қатысады. Олар бірқатар тауар түрін ұсынады. Қала тұрғындарына ыңғайлы болуы үшін жәрмеңке Жүргенов, 29 және Сауран, 7 мекенжайы бойынша елорданың оң және сол жағалауында өтеді.

Жәрмеңке сенбі және жексенбі күндері сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін өтеді. Өнімдер нарық бағасынан 10-15%-ға төмен сатылады. Мұндай жәрмеңкелердің басты мақсаты – астаналықтарға қолжетімді азық-түлік себетін жинауға мүмкіндік беру.

Айта кету керек, Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығы қызметкерлері күні қарашаның әр үшінші жексенбісінде аталып өтеді. Мереке аясында мұндай жәрмеңкелер Қазақстанның барлық аумағында жүзеге асырылады.