• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Экономика 18 Қараша, 2022

Доллар бағамы өсті

164 рет
көрсетілді

Қазақстан қор биржасы доллардың орташа сараланған бағамы 459,04 теңге (+0,42) болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы төмендеп, 64,29 теңге (-0,14) болды.

Еуро бойынша сауда-саттық болған жоқ. Еуро бағамын Ұлттық банк 475,67 теңге деп белгіледі.

Сондай-ақ рубльмен сауда болған жоқ. Кешегі саудада Ресей рублінің орташа бағамы 7,58 теңге болды. Ұлттық банктің бағамы – 7,61 теңге.

Ақша айырбастау орындарында доллар 462-466 ​​теңге, еуро 472-477 теңге, ресей рублі 7,27-7,45 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Сондай-ақ әлемдік мұнай бағасы көтерілді. Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 0,7%-ға өсіп, барреліне 90,42 доллар болды.

АҚШ-тың West Texas Intermediate (WTI) мұнайының фьючерстері 0,9%-ға өсіп, 82,39 долларға жетті.