Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов кезектен тыс Президент сайлауында дауыс берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өңір басшысы №12 ықшам ауданда орналасқан №50 сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады. Облыс әкімі бүгін ел болашағы үшін аса маңызды күн екенін атап өтты. Ол өңір тұрғындарын Конституциялық құқығын пайдалана отырып, дауыс беруге шақырды.
Айта кетейік, қазіргі кезде Жамбыл облысы аумағында барлығы 493 сайлау учаскесі жұмыс істеуде. Оларда дауыс беру сайлау заңнамасында бекітілген тәртіп бойынша таңғы сағат 7:00-де басталды.