• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
30 Мамыр, 2014

Алматы қаласы Еуразиялық экономикалық одақтың қаржылық орталығы болады

336 рет
көрсетілді

АСТАНА. 30 мамыр. Алматы қаласын Еуразиялық экономикалық одақтың қаржылық орталығы ретінде қалыптастыру жұмыстарын жеделдету қажет. Президент Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында осылай деді. Бұл туралы «Қазақстан жаңалықтары» хабарлады. Нұрсұлтан Назарбаев: «Біз Еуразиялық экономикалық комиссия Мәскеуде орналасады және одақтың орталығы болады деп келістік. Әрине, басқа да ұсыныстар болды. Ал Минскіде Еуразиялық сот орналасады, онда біздің одақтың құқықтық мәселелері шешімін табады. Ал Алматыда 2025 жылдан бастап одақтың қаржы нарығын реттейтін мемлекетүсті органы орналасады», – деді. Мемлекет басшысы осы іске байланысты одақтың қаржы нарығын реттеуші органның құрылуын күтпестен-ақ Алматыны Еуразиялық экономикалық одақтың қаржы орталығы ретінде қалыптастыра беруді ұсынды. Жолдыбай Базар. Дереккөз: «Қазақстан жаңалықтары». Фото: Almaty.all.biz.