Қазақстанның тұңғыш Еңбек Ері, Алматы қаласының Құрметті азаматы, ұстаз Аягүл Миразова Алматының №372 сайлау учаскесіне барып дауыс берді. Ол халықты мемлекет келешегінің жарқын болуына үлес қосуға шақырды, деп жазады Egemen.kz.
«Әділетті ел болу үшін әділетті жастар болуы керек. Әділет үшін еңбек етіп, күресе білуге тиіспіз. Біздің мемлекетіміздің келешегін кемел етіп, оны дамытатын һәм әділетті ететін, ол – сіздер мен біздер, жастар! Бүгін құқығымызды қорғау үшін бір кісідей дауыс беріп, бірлігімізді, тірлігімізді, мемлекет келешегінің жарқын болуына үлес қосайық. Бәріңізді дауыс беруге шақырамын», деді А.Миразова.