• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Сайлау 20 Қараша, 2022

Спортшы Рыпакова да өз таңдауын жасады

224 рет
көрсетілді

Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова кезектен тыс президент сайлауына дауыс беруге келді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ол Өскемен қаласының №47 орта мектебінде орналасқан № 2 сайлау учаскесінде дауыс берді.

«Бүгін барлық қазақстандықтар үшін өте маңызды күн. Қазіргі геосаяси жағдайды ескере отырып, біз өзіміздің азаматтық белсенділігімізді көрсетіп, еліміздің бейбітшілігі, тұрақтылығы мен өркендеуі үшін өз таңдауымызды жасауымыз керек», деді Ольга Рыпакова. 

Сондай-ақ спортшы қазіргі сайлау оның отбасы үшін ерекше оқиға екенін айтты. Оның 18 жасар қызы Анастасия өзінің азаматтық құқығын пайдаланып, алғаш рет дауыс береді.

Қазір оның қызы Анастасия Түркиядағы спорттық жарыстарға қатысуда, ол өз дауысын сол елде береді.