Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы 14:00-дегі жағдай бойынша жаңартылған деректерді ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
ОСК мүшесі Сәбила Мұстафина хабарлағандай, сағат 14:00-дегі жағдай бойынша 11 млн 950 мың 485 азамат дауыс беру бюлетеніне ие, оның ішінде 6 113 621 адам өз таңдауын жасаған. Айта кетсек, бұл тізімдегі барлық адамның 51,16 пайызын құрайды.
Төменде өңірлер бойынша дауыс берушілер көрсеткішін ұсынамыз:
Абай облысы бойынша – 69,32% Ақмола облысы бойынша – 51,04% Ақтөбе облысы бойынша – 53,21% Алматы облысы бойынша – 40,85% Атырау облысы бойынша – 52,56% Батыс Қазақстан облысы бойынша – 43,85% Жамбыл облысы бойынша – 52,74% Жетісу облысы бойынша – 52,17% Қарағанды облысы бойынша – 53,75% Қостанай облысы бойынша – 53,15% Қызылорда облысы бойынша – 59,18% Маңғыстау облысы бойынша – 53,40% Павлодар облысы бойынша – 52,55% Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 53,10% Түркістан облысы бойынша – 76,61% Ұлытау облысы бойынша - 68,32% Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 52,99% Астана қаласы бойынша – 39,79% Алматы қаласы бойынша – 24,17% Шымкент қаласы бойынша – 51,69%Келесі жедел ақпарат 16:05-те жарияланады.