• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Сайлау 20 Қараша, 2022

Сайлауда дауыс бергендер саны 7 миллионнан асты

455 рет
көрсетілді

Орталық сайлау комиссиясы 16:05-тегі жағдай бойынша Қазақстан азаматтарының сайлауға қатысу деректерінің жаңартылған нұсқасын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

ОСК мүшесі Анастасия Щегорцова келтірген деректерге қарағанда, сағат 16:05-тегі жағдай бойынша  7 млн 450 мың 395 азамат дауыс беріп үлгерген. Бұл тізімдегі барлық адамның 62, 34 пайызын құрайды.

Өңірлер бойынша дауыс берушілер көрсеткіші төмендегідей:

Абай облысы бойынша –  73,57% Ақмола облысы бойынша – 71,38% Ақтөбе облысы бойынша – 68,81% Алматы облысы бойынша – 55,11% Атырау облысы бойынша –  60,87% Батыс Қазақстан облысы бойынша – 54,62% Жамбыл облысы бойынша – 68,74% Жетісу облысы бойынша – 68,88 % Қарағанды облысы бойынша – 71,89 % Қостанай облысы бойынша –  71,38% Қызылорда облысы бойынша – 72,88% Маңғыстау облысы бойынша – 59,61% Павлодар облысы бойынша –  72,73% Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 72,21% Түркістан облысы бойынша – 80.09% Ұлытау облысы бойынша – 72,75% Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 68,42% Астана қаласы бойынша – 44,39% Алматы қаласы бойынша – 26,19% Шымкент қаласы бойынша –  56,28% 

Жоғарыда көрсетілген деректерге қарағанда, Түркістан, Абай және Қызылорда облыстарының сайлаушылары жоғары белсенділік танытып отыр.

Еске сала кетсек, елімізде сайлау учаскелері 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Сайлаушылардың белсенділігі жөніндегі соңғы ақпарат Астана уақыты бойынша 20:05-те жарияланады.