• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Сайлау 20 Қараша, 2022

Түркістандықтар сайлауда жоғары белсенділік танытты

261 рет
көрсетілді

Орталық сайлау комиссиясы 18:05-тегі жағдай бойынша қазақстандықтардың сайлау белсенділігі жөніндегі ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.

ОСК мүшесі Шавхат Өтемісовтың айтуынша, сағат 18:05-тегі жағдай бойынша Қазақстанда барлығы 8 млн 108 мың 668 адам дауыс беріп үлгерген. Айта кетсек, бұл тізімдегі барлық азаматтардың 67,85 пайызын құрайды.

Өңірлер бөлінісінде дауыс берушілер көрсеткіші:

Абай облысы бойынша – 78,88 % Ақмола облысы бойынша – 75,82% Ақтөбе облысы бойынша – 71,23% Алматы облысы бойынша – 70,92% Атырау облысы бойынша –  67,88% Батыс Қазақстан облысы бойынша – 64,77% Жамбыл облысы бойынша – 77,27% Жетісу облысы бойынша – 77,08% Қарағанды облысы бойынша – 77,80% Қостанай облысы бойынша –  77,56% Қызылорда облысы бойынша – 77,20% Маңғыстау облысы бойынша – 64,57% Павлодар облысы бойынша –  77,12% Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 77,46% Түркістан облысы бойынша – 80,25% Ұлытау облысы бойынша – 74,45% Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 76,81% Астана қаласы бойынша – 48,01% Алматы қаласы бойынша – 27,93% Шымкент қаласы бойынша – 59,56% 

Жоғарыда көрсетілген деректерге қарағанда, Түркістан облысының тұрғындары жоғары белсенділік танытып отыр. Ал Алматы қаласының тұрғындары ең аз дауыс берді.

Сондай-ақ Нью-Йорк пен Вашингтонда сайлау учаскелері жұмысын бастап кетті.

Қазақстанда сайлау учаскелері 07:00-ден ашылып, 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Кейбір учаскелер 06:00-де есіктерін айқара ашты.

Айта кетсек, Орталық сайлау комиссиясы сайлаушылардың белсенділігі жөніндегі соңғы ақпаратты Астана уақыты бойынша 20:05-те жариялайды.