• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
30 Мамыр, 2014

Еуразиялық экономикалық одақ кедендік кедергілерді жояды

246 рет
көрсетілді

АСТАНА. 30 мамыр. Еуразиялық экономикалық одақ елімізге шетелден инвестиция тарту көрсеткішін арттырады. Қазақстан-Австрия қауымдастығының мүшесі Анна Цайтлингер осындай пікірде. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Анна Цайтлингер: «Бiздiң мақсат Қазақстанның мүддесiн Еуропада қорғау, Қазақстанға еуропалық инвесторларды, мамандарды, технологтарды тарту болып табылады. Еуропалық инвесторлар Қазақстанды перспективалы нарық ретiнде көредi. Еуразиялық ықпалдастықтың арқасында Қазақстан шетелдiк инвесторлар үшiн бастапқы алаң болады. Қазақстанды шетелдік инвесторлар бизнеске қолайлы, болашағы зор ел ретінде санайды. Еуропалық инвесторлар Қазақстанға келе отырып, Қазақстанның да, Ресей мен Беларусьтiң де нарығын игерудi көздейдi», – деді. Жолдыбай Базар. Дереккөз: egemen.kz. Фото: Facebook.com.