• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Сайлау 20 Қараша, 2022

Сайлаудың қорытындысы ертең жарияланады - ОСК

518 рет
көрсетілді

Қазақстанда барлық сайлау учаскелері жұмысын аяқтады. Орталық сайлау комиссиясы 22:05-тегі жағдай бойынша азаматтардың сайлау учаскелеріне бару туралы алдын ала деректерді ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

ОСК мүшесі Константин Петров облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және елорданың комиссиялары келтірген деректерді ұсынды. Сағат 22:05-тегі жағдай бойынша барлығы 8 млн 299 мың 501 адам конституциялық құқықтарын пайдаланып, дауыс беріп үлгерді. Жалпы, Қазақстан бойынша бюллетеньге ие азаматтардың 69,43 пайызы өз таңдауын жасады.

Төменде өңірлер бойынша дауыс берушілер көрсеткіші көрсетілген:

Абай облысы бойынша – 80,18% Ақмола облысы бойынша – 78,87% Ақтөбе облысы бойынша – 72,81% Алматы облысы бойынша – 72,10% Атырау облысы бойынша –  70,87% Батыс Қазақстан облысы бойынша – 98,97% Жамбыл облысы бойынша – 79,87% Жетісу облысы бойынша – 81,42% Қарағанды облысы бойынша – 78,39% Қостанай облысы бойынша –  79,28% Қызылорда облысы бойынша – 81,07% Маңғыстау облысы бойынша – 66,99% Павлодар облысы бойынша –  77,58% Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 79,01% Түркістан облысы бойынша – 80,37% Ұлытау облысы бойынша – 78,48% Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 79,49% Астана қаласы бойынша – 48,60% Алматы қаласы бойынша – 28,72% Шымкент қаласы бойынша – 59,79% 

Жаңартылған деректерге қарағанда, Батыс Қазақстан облысының сайлаушылары жоғары белсенділік танытты.

Республика аумағындағы сағат белдеулерінің шекараларына сәйкес бес өңірде, атап айтқанда Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында дауыс беру елорда уақыты бойынша сағат 21:00-де аяқталды.

ОСК мүшесі хабарлағандай, сайлаудың корытынды деректері ертең жарияланады.

Еске сала кетсек, бүгін Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтті. 

Шет мемлекеттерде сайлау учаскелері әлі де ашық.

Қазақстандағы сайлау учаскелері 07:00-де ашылып, жұмысын 20:00-де аяқтады.