• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Сайлау 21 Қараша, 2022

Сайлау: Еxit poll нәтижесі белгілі болды

547 рет
көрсетілді

«Ашық қоғам» өңірлік зерттеу халықаралық институты телемарафонның тікелей эфирінде Еxit poll нәтижелерін жариялады. Олардың деректеріне сәйкес, президент сайлауында Қасым-Жомарт Тоқаев ең көп дауыс жинады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Төменде Еxit poll нәтижелерін ұсынамыз:

Қасым-Жомарт Тоқаев - 82,45%.

Қарақат Әбден - 2,54%.

Нұрлан Әуесбаев - 2,17%.

Жигули Дайрабаев - 3,33%.

Мейрам Қажыкен - 2,23% .

Салтанат Тұрсынбекова – 2,08%.

Сондай-ақ сайлаушылардың 5,2%-ы «барлығына қарсымын» бағанын таңдады.

Еске сала кетсек, 20 қарашада Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтті.

Орталық сайлау комиссиясы 22:00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың учаскелерге келуі 69,43%-ды құрағанын хабарлады.