АСТАНА. 30 мамыр. Қазақстандықтардың басым бөлігі еуразиялық интеграция аясындағы өзара ықпалдастықты еліміз үшiн аса маңызды стратегиялық бағдар деп есептейді. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Еуразиялық интеграция институтының директоры Жанаргүл Құсманғалиева осылай деді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады
Ж.Құсманғалиева: «Бiздiң институт тұрақты түрде түрлi әлеуметтiк зерттеулер мен сарапшылардың сауалдамасын жүргiзедi. Әлеуметтiк сауалдаманың нәтижесi жұртшылықтың Еуразиялық экономикалық одақты кеңiнен қолдайтындығын аңғартып отыр. Атап айтар болсақ, бiздiң халық Еуразиялық экономикалық одаққа кiру ел дамуының негiзi екендiгiн айтады. Сауалнамаға қатысқан қатардағы қазақстандықтардың 95 пайызы ықпалдастық Қазақстан үшiн аса маңызды стратегиялық бағдар деп есептейдi. Халық пен сарапшылар Еуразиялық интеграцияның келешегiнен зор үмiт күтетiндiгін атаған жөн. Сауалдама қорытындысы бойынша, оған қатысқан қазақстандықтардың 77 пайызы және сарапшылардың 88 пайызы Еуразиялық экономикалық одақ аясында ықпалдастықты одан әрi дамыту керек деп санайды», – дедi.
Еуразиялық интеграция институтының директорының айтуынша, сауалнамаға қатысқандардың көпшілігі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып отырған Қазақстан экономикалық табысқа кенелетiндiгiн білдірген.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: egemen.kz.
Фото: «24kz».