АСТАНА. 30 мамыр. Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО – Ресей, Қазақстан, Беларусь) құрылуы жөніндегі келісімге қол қойылуы елдердің экономикалық жағдайларына жақын келешекте бірден жақсы әсер ете қоймайды. Алайда, болашақта олардың дамуына айтарлықтай оң серпін береді. Ресей және белорус сарапшылары қазір осыны айтып отыр. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады.
Ресей, Беларусь және Қазақстан мемлекеттерінің Президенттері кеше, бейсенбі күні Астанада 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске кірісетін ЕАЭО (Еуразиялық экономикалық одақ) құру жөніндегі келісімге қол қойды.
Ресей Ғылым академиясы Халық шаруашылығын болжау институты директорының орынбасары Александр Широв бұл интеграциялық бірлестікті құрудың мақсаты «біртұтас өнеркәсіп, экономика, бәлкім, тіпті қаржы саясатын қалыптастру, сондай-ақ үш елдің еншісіндегі ресурстарды жинақтау, өздері үшін дамуға мейлінше тиімді бағыттарды таңдап алу болған».
Сарапшы Ресей, Беларусь және Қазақстан арасындағы интеграция үдерісі бірнеше жылдан бері жүріп келе жатқанын, сондықтан ЕАЭО-ны құрғаннан кейін ешқандай күрт өзгерістердің бола қоймайтынын атап өтті.
«Біз саудадағы кедергілерді алып тастаудың бірінші кезеңін 2011-2012 жылдары жүргіздік. Сол сәтте біз өзара тауар айналымының жарқылын көрдік. Жалт еткен мәуріт өтіп кетті. Ендігі тиімділік, бәлки, елдер арасындағы экономикалық даму деңгейінің теңесуіне байланысты туындайтын шығар», - деді Широв.
Осы көзқараспен Беларусь Ғылым академиясы Экономика институтының бөлім меңгерушісі Александр Лученок та келіседі.
«Келісімді біздің елдеріміз интеграциясының маңызды құрамдас бөлігі болып табылатынын айтуға болады, бірақ жаңа жылдан бастап оның іске қосылуына байланысты біздің мемлкеттеріміз арасындағы принципті қарым-қатынастарда бірден өзгеріс бола қалады деп күтудің қажеті жоқ шығар», - деп атап өтті ол агенттік тілшісіне. Ғалым сонымен бірге келісімнің үлкен жетістіктерінің бірі «елдер арасындағы қалыптасып қалған қарым-қатынастарды бірден өзгертіп жіберуге бағытталмағаны екеніне назар аударды.
Алексей Шировтың болжамынша, үштік елдері арасында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болудан ең көп ұтысқа жететіні Беларусь, ұтығы барынша азы Ресей болмақшы. «Меніңше, мұнда барынша көбірек тиімділік табатыны Беларусь экономикасы, ал азы Ресей болады. Бірақ бұл Ресей үшін де принципті тұрғыдан аса маңызды, себебі, осы одақ біздің өз ресурстарымызды барынша тиімді пайдалануымызға ықпал жасайды», - деді ол.
Мұрат Айтқожа.
Дереккөз: РИА «Новости»
Фото: РИА «Новости». Михаил Климентьев.