Қостанай облысының Әулиекөл ауданындағы табиғи өрт кезінде зардап шеккендерге арналған тұрғын үйлер құрылысына белсенді қатысқаны үшін бірнеше азамат Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасымен марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасымен Ә.Айдосұлы, А.Қ.Мұқанов, А.А.Сейітқалив, Б.Қ.Таңжарықов, А.С.Татиева, Р.Г.Бочоришвили, А.О.Дергунов марапатталды», деп жазылған Мемлекет басшысының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысының Әулиекөл ауданындағы табиғи өрт кезінде зардап шеккендерге арналған тұрғын үйлерді салуға белсенді қатысқандарды наградтау туралы Жарлыққа қол қойған еді.