Ливанның Джеззин қаласында үстел теннисінен WTT Youth Contender Jezzine турнирі аяқталып келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
15 жастағы қарағандылық Алан Құрманғалиев 19 жастағылар арасында сынға түсіп, қола жүлдеге ие болды. Сондай-ақ 16 жастағы алматылық Абдулла Мамай ширек финалға жолдама алды.
Бұған дейін Алан 17 жастағы теннисшілер арасында чемпион атанған еді. Осылайша, Аланның еншісінде екі медаль бар.