Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы 4, 05 теңгеге өсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы - 463, 55 теңге.
Ұлттық банктің 21 қарашадағы ресми бағамы – 1 долларға 459, 04 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 463,5 теңге, сатып алу – 467 теңге.
Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 464 теңгеден болса, сатып алу құны – 465,5 теңге.
Ресей рублі 7,37 - 7, 43 теңге аралығында саудалануда.