• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 21 Қараша, 2022

Қазақстанда уран қоры жеткілікті ме?

504 рет
көрсетілді

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ коммерция жөніндегі бас директоры Асқар Батырбаев Қазақстанда уран өндірудің ең таза технологиясы бар екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Үлкен сұраныс күтілетінін ескере отырып, реакторлар көп мөлшерде салынады деген ойдамыз, Қазатомөнеркәсіп те орнында отырмайды. Біз - соңғы 10 жылдағы ең ірі өндірушіміз. Бізде уран өндірудің ең экологиялық әдісі бар», деді Асқар Батырбаев Сочиде өтіп жатқан «АТОМЭКСПО-2022» халықаралық форумы барысында.

Ол сондай-ақ еліміздің уран қоры жайлы бірқатар ақпарат берді.

«Қазақстан - уран өндіру көлемі бойынша екінші орында. Бізде әлемдік қорлардың 12%-ы бар. Барланған қорлар - 125 мың тоннаны, ал ресурстар - 785 мың тоннаны құрайды», деді Асқар Батырбаев.

Айта кетсек, Қазатомөнеркәсіптің өкілі форумға қашықтан қатысып жатыр.

Сочиде «Сириус» ғылым және өнер паркінде «АТОМЭКСПО-2022» халықаралық форумы – әлемдік атом саласының негізгі конгресс-көрме іс-шараларының бірі жұмысын бастады.

Форум аясында мемлекеттік құрылымдардың басшылары, әлемдік атом индустриясының ірі вендорлары мен компаниялары, қоғамдық ұйымдар мен халықаралық сарапшылар атом технологиялары мен инновациялық дамудың өзекті мәселелерін талқылайды.