Біз 4 сайлау учаскесі қалай жабылғанын көрдік. Еркін, әділ сайлауға байқаушы болдық. Мұны халықаралық және қазақстандық тәуелсіз байқаушылар да растады. Жергілікті байқаушылардың орташа жасы 35-тен төмен. Сенбі күні кандидаттардың өкілдерімен кездесіп, «Үдеріс әділ ұйымдастырылып жатыр ма?» деген сұрақ қойдық. Бәрі сенімді түрде «иә» деп жауап берді.
Жас сайлаушылармен, егде жастағы сайлаушылармен сұхбаттасып, халықтың, әсіресе жастардың үміті басым екенін көрдік. Мен қазір жастарға басымдық беріп айтқым келеді. Яғни 35-тен төмен жастағылар. Олар тұрақтылық, қауіпсіздік және тәуелсіздік деген ұғымдарды өздігінен болатын игілік деп қабылдамайды. Меніңше, қаңтардың қайғылы оқиғасы осыны жақсы көрсеткен сияқты.
Жалпы, өңірдегі жағдайды ескерсек, мұның бәрі түсінікті. Бұл сайлау қорытындысымен де үндеседі. Өйткені бұл – үмітке берілген дауыс, Президент Қ.Тоқаевтың өз уәдесін орындай алады және демократиялық реформаларды жалғастырады деген үмітке берілген дауыс. Біз кеше бетбұрыс жасалды деп есептейміз. Менің әріптестерім осыған келіседі деп ойлаймын.
Дэниелл ВИТТ,
Халықаралық салық және инвестициялық орталықтың президенті