Хэнань провинциясының (Орталық Қытай) Аньян қаласындағы зауыттан өрт шығып, 36 адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аньян қаласында кәсіпорындағы өрт 21 қарашада жергілікті уақыт бойынша сағат 16:22-де басталған. Өрт сөндірушілер өртті тек 3,5 сағаттан кейін ауыздықтаған. Сағат 23:00-де өрт толығымен сөндірілді.
Алдын ала мәлімет бойынша, өрт салдарынан 36 адам қаза тауып, екеуі із-түзсіз жоғалып кеткен, тағы екі адам жеңіл жарақат алған.
Оқиғаның себебін анықтау үшін өрт орнында тергеу жүріп жатыр.