• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
28 Мамыр, 2010

ЖАҢА ҒИМАРАТ ЖАРҚЫН ІСТЕРГЕ ҚЫЗМЕТ ЕТСІН

671 рет
көрсетілді

Сәрсенбі күні Астананың Ж.Тәшенов атындағы орталық көшесінің бойында Түрік Республикасы елшілігінің жаңа ғимараты салтанатты жағдайда ашылды. Оның ашылу салтанатына Қазақстанда ресми сапармен жүрген Түркия Президенті Абдулла Гүл қатысты. Қазақстан жағынан Мемлекеттік хатшы – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев болды. Абдулла Гүл алдымен елшілік ғи­маратының алдына Түрік Респуб­ли­касының туын көтерді, одан кей­ін қысқа сөз сөйледі. Өзінің сө­зін­де ол Түркия мемлекеті бауырлас түркі халықтарының тәуелсіз елдер болғанына шын жүректен қуан­ға­нын еске алды. Кезінде біз Қазақ­стан­ның тәуелсіздігі жария­лан­ғаннан кейін бір сағатқа жетпейтін уақытта оны таныған едік, деді ол. Бүгінде Қазақстан әлем танитын, сыйлайтын, санасатын алып ел бол­ды. Президент Нұрсұлтан На­зар­баевтың бастамасымен әсем болса да елдің шетінде орналасқан Ал­матыдан астана осы жерге көші­рілді. Мұның тарихи оқиға болға­нын бәріміз де білеміз. Оның құ­ры­лысына түрік фирмалары да бел­сене қатысып, мыңдаған адам жұ­мыс орындарымен қамтамасыз етілді. Осылай дей келіп, одан әрі А.Гүл елшілік ғимаратын салуға өзі Түркияның Сыртқы істер министрі болып жүргенде қатысқанын ауызға алды. Міне, бүгін сол ғимаратымыз іске қосылып отыр, оның іші нұрға толып, бауырлас екі елдің арасындағы ынтымақтастық пен достықты дамытуға қызмет етсін, деді Түркия Президенті. Елшілік кешені үш ғимараттан тұрады екен, оның ішінде дип­ло­маттар мен қызметкерлердің әлеу­меттік жағдайын жасайтын орын­дар да бар. Кешеннің жалпы аума­ғы 13 га жерді алып жатыр. Абдулла Гүл Түркия мемле­ке­тінің негізін қалаған аса көрнекті қайраткер Мұстафа Кемал Ата­түріктің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Жақсыбай САМРАТ.