Халық Қасым-Жомарт Тоқаевты неге таңдады? Оның тұлғалық бейнесін айқындайтын мына қасиеттер – тәжірибе, даналық, батылдық және жоғары интеллект.
Қ.Тоқаевтың дипломатиялық тәжірибесі Қаңтар оқиғаларының қиын кезеңін тез еңсеруге мүмкіндік берді. Сондай-ақ Қазақстанның саяси құрылымын кең ауқымды реформалаудың бастамасы болған негізгі шешімдер тез арада қабылданды. Бүгінгі таңда Қ.Тоқаевтың дипломатиясы мен интеллектуалдылығы бізге қиын геосаяси жағдайда келіссөздер жүргізуге және тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Қасым-Жомарт Кемелұлы қабылдаған шешімдер сараланған және қадамдары нық. Мұндай жоғары қызметте салқынқандылық танытып, сабырлы және парасатты болу оңай емес. Әсіресе осындай қарбалас тарихи кезеңде.
Біз әлемнің әртүрлі елдері дағдарысты бастан кешіп жатқанын көріп отырмыз. Осы кезеңде әрбір шешімнің жан-жақты қарастырылуы маңызды. Ал Қазақстанда әлемдік нарықтағы қиын жағдай аясында саяси жүйені жаңғырту, экономиканы монополиясыздандыру бойынша жоспарлы реформалық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қарапайым азаматтар өздерін сенімді сезінуі үшін бизнес өсіп, дами алады. Саяси тұрақтылықты сақтауда Тоқаевтың маңызды рөлі бар. Бұған оның тәжірибесі, келіссөз жүргізу қабілеті, икемділік, объективтілік пен бейтараптық сынды қасиеттер негіз болмақ.
Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамда өзгерістерді жариялап қана қоймай, оларды күрделі шешімдер қабылдау арқылы жүзеге асырып отыр. Осындай қадамдардың бірі – Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру. Себебі кеңес мүшелерінің ұсыныстарына Президент шынымен құлақ түрді. Бұл – батылдықтың, әділеттіліктің және даналықтың белгісі.
Оның бүгінге дейінгі жүзеге асырған бастамалары алдағы жеті жыл ішінде халықтың игілігін арттыруға, күш-жігерін салуға дайын екенін көрсетеді. Сондықтан 20 қарашада сайлауға келіп, үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевқа өз дауысын берген әрбір азамат дұрыс шешім қабылдады деп санаймын.
Самат АҚЫШЕВ,
Мәжіліс депутаты