• RUB:
    5.43
  • USD:
    472.62
  • EUR:
    513.22
Басты сайтқа өту
Пікір 23 Қараша, 2022

Ұлыбритания Қазақстанның өркендеуін қолдайды

139 рет
көрсетілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзі жариялаған маңызды саяси және экономикалық реформаларды жүзеге асыру үшін жаңа толық 7 жылдық мерзімге тағайындалды. Ұлыбритания Қазақстанның келешек өркендеуін, қауіпсіздігін және демократия жолын қолдау үшін Президентпен және оның үкіметімен бірлесіп жұмыс істеуге дайын.

Биыл біз тығыз серіктес­тігі­міздің 30 жылдығын атап өттік. Өткір жаһандық сын-қатерлер кезінде серіктестігімізді одан әрі нығайтып, сол сын-қа­тер­лермен бірге күресіп, халқы­мыз­дың мүмкіндіктерін жақсартуға асығамыз.

Біз ЕҚЫҰ-­ның Демократия­лық институттар және адам құ­қық­тары бюросының (ДИАҚБ) сайлауды бақылау миссиясының алдын ала қорытындыларын ес­кереміз. Биыл Конституциялық референдумда және басқа да заңдарда қабылданған реформалар ашық саяси пікірталас пен саяси бәсекелестіктің жаңа мәдениетін дамытуға арналған.

ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттер ретінде Ұлыбритания да, Қазақстан да адам құқықтары мен демократиялық институттарды құрметтемей тұрақты қа­уіп­сіздікке қол жеткізу мүмкін емес деген қағидаға қосылған. Біз ДИАҚБ-ның алдын ала және қорытынды баяндамаларындағы ұсыныстар Қазақстанды, оның үкіметі мен халқы егемендік пен тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін 30 жыл өткен соң рефор­маның келесі маңызды кезеңін жүзеге асырып жатқанда одан әрі қолдайтынына сенеміз.

 

Ұлыбританияның Қазақстандағы елшілігі