• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Үкімет 23 Қараша, 2022

Парламент сайлауы қашан өтетіні белгілі болды

1894 рет
көрсетілді

23 қарашада Қазақстан Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов парламент сайлауын өткізу мерзімін атады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оның айтуынша, парламент сайлауы 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында өтеді. Қошанов бұл туралы толығырақ Президент жариялайтынын айтты.

«Әрине, осыдан кейін жаңа Үкімет құрылады. Уақытын Президент жариялайды», деді Ерлан Қошанов.

2022 жылғы 20 қарашада Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтті. ОСК деректеріне сәйкес, 8,3 млн қазақстандық дауыс беру құқығын пайдаланды.

22 қарашада Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров сайлау қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев жеңіске жеткенін жариялады.