Бауыржан Тұяқов Қаржы министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның ресми сайтына сілтеме жасап.
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Әдеп бойынша үәкілі лауазымына Тұяқов Бауыржан тағайындалды. Осыған дейін Қаржы министрлігі Халықаралық қаржылық қатынастар департаментінің бас сарапшысы қызметін атқарды», делінген хабарламада.