Белгісіз біреулер таксиде отырған тілшіні атып өлтірген. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, оқиға Халапа қаласында болған.
AX Noticias газетінің қызметкері Педро Пабло Кумулаға қасақана шабуыл жасаған. Өкінішке қарай, журналист оқиға орнында қайтыс болды.
Айта кетейік, сонымен қатар Мексикада Azucar FM радиосының қызметкері Франсиско Эрнандес 20 қарашадан бері хабарсыз кеткен.