• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 24 Қараша, 2022

Әріптестерін балағаттаған әкімге қатысты қызметтік тергеу басталды

351 рет
көрсетілді

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының әкімі Марат Тоғжановтың үстінен қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі хабарлағандай, аудан әкімі қызметкерлерін балағаттап, дөрекі сөйлеген.

«Кеше, 23 қараша күні ғаламтор кеңістігінде Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының әкімі Марат Тоғжановтың төрағалығымен өткен мәжілісте жазылған аудиожазба тарады. Аудиожазбаның мазмұнына қарағанда, аудан әкімі қызметкерлерімен дөрекі сөйлескен. Айта кетсек, ҚР мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінде моральдық әдепке байланысты қойылатын талаптар  анық көрсетілген. Осыған байланысты Мемлекеттік қызмет істері агенттігі әдеп кодексін бұзып, әріптестерін балағаттаған лауазымды тұлғаға қатысты қызметтік тергеп-тексеру шараларын бастауды ұйғарды. Атқарылған жұмыстардың қорытындысы негізінде тиісті шешім қабылданады», делінген агенттік таратқан хабарламада.