Жақында өткен кезектен тыс президент сайлауы тәжірибесі көрсеткендей, елімізде байқаушылардың саны артып келеді. Мысалы, 2021 жылы сайлаудағы байқаушылардың саны 2019 жылғы президенттік сайлаумен салыстырғанда 1,6 есе өсті. Бұл тренд өте өзекті.
Сол секілді Қазақстанда халықаралық стандарттарға сәйкес, сайлау үдерісінің транспаренттілігі мен ашықтығын қамтамасыз ететін халықаралық бақылау тәжірибесі кеңінен ұсынылған. Олардың да саны артты. 2021 жылы парламенттік сайлауда 398 байқаушы аккредиттелсе, 2022 жылы президенттік сайлауда 641 халықаралық байқаушы қатысты.
Байқаушылар санының өсуі қоғамның саяси бейтараптылықты бастан кешу әлеуетін көрсетеді. Сайлау – ықпал ету және азаматтардың дауыс беру арқылы топтық шешім қабылдау процесіне саяси қатысуының негізгі кілті.
Сондай-ақ Қазақстанда байқаушы институтын нығайту үшін азаматтық қоғамның байқаушылардың әдеп кодексін қабылдау қажеттігін көрсетеді. Осылайша, өздігінен реттеу және өздігінен ұйымдастыру байқаушы мәртебесінің артуына жол ашады.
Байқаушылардың әдеп кодексі әлемнің көптеген мемлекеттерінде бар. Мысалы, Ұлыбританияда байқаушылар кодексі қолданылады. Онда сайлаушы тұлғалардың құпиялығын сақтау, сайлау процесіне қандай-да бір кедергі келтіруге тыйым салу, кәсіпқойлық принциптерін сақтау мәселелері жазылған.
Өз кезегінде сайлауды бақылау сайлаудың айқындылығын арттырады. Осылайша, елімізде де шетелде де сайлау процесіне деген сенім артады. Сайлауды бақылау демократиялық процеске қолдау көрсетеді.
Жанар САНХАЕВА,
Президент жанындағы ҚСЗИ жетекші ғылыми қызметкері