Өткен тәулікте коронавирустың 139 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сондай-ақ 854 адам коронавирус инфекциясынан (–706+ және 148 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 122 пациент стационарда, 732 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
7 адамның жағдайы ауыр, 5 пациенттің жағдайы өте ауыр, 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.