• RUB:
    5.28
  • USD:
    480.61
  • EUR:
    534.53
Басты сайтқа өту
Президент 25 Қараша, 2022

Әйел-журналистерді қорғау туралы өтініш Президент назарына ілікті

419 рет
көрсетілді

Президенттің атына жолданған «Әділ сөз» халықаралық қоры мен Қазақстан Журналистер одағының әйел-журналистерді қорғау туралы өтініші назарға алынды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Президенттің атына жолданған «Әділ сөз» халықаралық қоры мен Қазақстан Журналистер одағының әйел-журналистерді қорғау туралы өтініші назарға алынды. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне қатысты заңға қайшы әрекеттер жасаған адамдарды жауапқа тарту үшін болған оқиғаларды тергеу тиісті мемлекеттік органдарға тапсырылды», делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, кеше Алматыда «El Media» редакциясы орналасқан ғимараттың кіреберіс шыны қабырғаларын сындырған екі күдікті ұсталған еді.

Соңғы жаңалықтар