• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Қараша, 2022

Шымкенттік сарбаздар жасөспірімді құтқарып қалды

171 рет
көрсетілді

Оқиға 23 қараша күні кешкі уақытта болған. Сағат 21.30 шамасында қала тыныштығын қадағалап жүрген Ұлттық ұлан сарбаздары ажалға араша түсті, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

19 жастағы жігіт Темірлан тас жолы мен Мангельдин көшесінің қиылысында орналасқан көпірден секіруге оқталған.

Байланыс құралдары арқылы шұғыл ақпарат алған 6506 әскери бөлімінің жасақтар бойынша кезекшісі аға лейтенант Сержан Сағынбек бірден шара қолданады. Ол дереу қарамағындағы жауынгерлер ефрейтор Нұрдәулет Оразбаев және қатардағы Виталий Кочетковпен бірлесіп, хабарламада көрсетілген мекенжайға жылдам келіп жетеді.

– Ақпаратта айтылған жерге келсек, расымен де жас жігіт көпірден өзін-өзі тастауға дайын тұр екен. Бірден оған бет алып, райынан қайтаруға тырыстық. Ол «Өмір сүргім келмейді», «Өлгім келеді» деп айқайлап жатты. Ептеп көпір қоршауының бергі жағына өткіздік, – дейді аға лейтенант Сержан Сағынбек.

Жедел әрі кәсіби түрде әрекет еткен әскери қызметшілер жас жігітпен жақынырақ сөйлесіп, бұл ниетінің дұрыс еместігін түсіндірді. Сол маңдағы өткіншілер де жігітті бұл әрекетінен бас тартуға шақырды. Екі ойлы тұрған азамат сәл тынышталғанда, ұландықтар мен жолаушылар оны ұзақтау жерге алып кетті. Тыныштандырып, оқиға орнына келген құқық қорғау қызметкерлеріне тапсырды. 2003 жылы туған бұл азаматтан істің мән-жайын анықтау мақсатында тәртіп сақшылары оны Абай ауданының полиция басқармасына әкетті. Құқықтық тәртіп әскерлерінің үйлесімді іс-қимылдарының арқасында адам өмірі құтқарылды.