• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Елорда 25 Қараша, 2022

Астанада демалыс күндері жәрмеңке өтеді

247 рет
көрсетілді

Астанада алдағы демалыс күндері, яғни 26 және 27 қарашада жәрмеңке өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz қалалық әкімдіктің сайтына сілтеме жасап.

«Елордалық тауар өндірушілер мынадай тауар түрлерін ұсынады: ет және шұжық өнімдері, ұн мен макарон өнімдерінің әртүрлі түрлері, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының барлық түрі: көкөністер, нан өнімдері, жарма, жұмыртқа, күнбағыс және май, сүт өнімдері, қант және т.б. Жәрмеңке Жүргенов, 29 мекенжайында өтеді», делінген хабарламада.

Елорда тұрғындары мен қонақтары сенбі және жексенбі күндері сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін бара алады. Барлық өнім нарықтан 10-15% төмен бағада сатылады.