• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Президент 26 Қараша, 2022

Қасым-Жомарт Тоқаев ант берді

707 рет
көрсетілді

Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына ант берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Салтанатты ұлықтау рәсімін Конституциялық Кеңес Төрағасы Қайрат Мәми бастады. Ол қайта сайланған Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президент қызметіне Конституцияның 42-бабына сәйкес халқына ант бергеннен кейін кірісетінін хабарлады.

«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беруге, Қазақстан Республикасы Президентіне жүктелген мәртебелі міндетті адал атқаруға салтанатты түрде ант етемін!»,  деп  Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа ант берді.

Осы сәттен бастап Президент ресми қызметіне кіріскен болып саналады. Ант берілгеннен кейін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалды.

Бұдан соң, Президентке куәлік табысталды. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне кірісті.