• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт 27 Қараша, 2022

Чемпиондар лигасы: Төрттік финалға қатысатын командалар анықталды

Осы аптада футзалдан Чемпиондар лигасының элиталық кезеңі өтті. Оның қорытындысы бойынша турнирдің шешуші кезеңі, төрттік финалдың қатысушылары анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.

А тобындағы турнир итальяндық Аверса қаласында өтті. Оның жеңімпазы португалиялық «Спортинг» болды.

В тобындағы матчтарды испандық Пальма де Майорка қабылдады. Жергілікті «Пальма Футзал» қарсылас шақ келтірмей Төрттік финалға жолдама алды.

С тобының жеңімпазы португалиялық «Бенфика» болды. Алматыдағы турнирдің басында чехиялық «Хрудиммен» тең ойнаған «қырандар» кейін мальталық «Люксол Сент-Эндрюсті» ұтып, соңғы кездесуде алматылық «Қайратты» жеңіп, топ жеңімпазы атанды. 

D тобында сенсацияның куәсі болдық. Испаниялық «Барса» бельгиялық «Андерлехтті» алға жіберіп, Еуропаның ең үздік клубы атағынан айырылды.

Соңғы жаңалықтар