• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қоғам 28 Қараша, 2022

Экономикалық шоғырлануға келісім беру қолжетімді

246 рет
көрсетілді

Экономикалық шоғырлану бойынша Мемлекеттік қызметтің сапасы мен қолжетімділігін арттыру үшін Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен бірлесіп, «Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтініштерді қарау» мемлекеттік қызметін цифрландырды. Қазір бұл онлайн форматта қолжетімді. Бұдан былай қызмет алушы келісімді электрондық форматта алу туралы онлайн өтініш хатпен жүгіне алады. Бұл өз кезегінде қағаз құжаттарды алмасуға толықтай жол ашады.

Бұрын бұл қызмет тек құжатты ұсын­ған кезде ғана қаралатын еді. Енді аталған мемлекеттік қызметті алуды жеңілдету үшін «Е-лицензиялау» мем­лекеттік деректер базасы» ақпа­раттық жүйесінің ішкі порталы құрылды, онда азаматтар қызмет көрсету туралы өтінішпен жүгініп, қажетті құжаттарды онлайн форматта ұсына алады.

Өтінішті алғаннан кейін БҚДА мәмілені Кәсіпкерлік кодексінің нормалары аясында қарайды. Сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі сол жерде, «Е-лицензиялау» порталында ұсынылады. Жыл басынан бері БҚДА тарапына қарау туралы 75 өтініш келіп түсіп, 43 өтініш беруші келісімін алды.

Онлайн өтінішті https://elicense.kz/ сілтеме арқылы беруге болады