• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Пікір 28 Қараша, 2022

Өзгеше өткен ұлықтау рәсімі

293 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Президентін салтанатты түрде ұлықтау рәсіміне қатыстым. Процесс бұрынғылардан өзгеше өтті және солай өткені де дұрыс болды.

Бірінші, даңғазалық аз болды. Екінші, Қасым-Жомарт Тоқаев жиналған халықты шулатып зал ортасынан емес, қарапайым түрде қапталдағы есіктен кірді. Үшінші, мойнына жылтырақ таққан жоқ. Төртінші, баяндамасы қысқа және нақты болды. Бесінші, ең бастысы, ұлықтау аяқталғасын «ескі гвардиямен» амандаспай, құшақтаспай, селфи жасамай, «Ал енді жұмыс істейік» дегендей ишара білдіріп, залдан қарапайым түрде шығып кетті.

Өтірікті қойып, жебірлер мен жемқорларды тыйып, бұрынғы кландарды байлықтың «қара қазанынан» айырып, Мемлекет басшысымен бірлесіп, ақиқатты айтып, Отан үшін жұмыс істейтін уақыт келді. Бізде басқа жол қалған жоқ!

 

Еділ ЖАҢБЫРШИН,

Мәжіліс депутаты