• RUB:
    5.43
  • USD:
    472.62
  • EUR:
    513.22
Басты сайтқа өту
Пікір 28 Қараша, 2022

Жақсы бастама

159 рет
көрсетілді

Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің жаңа президенттік кезеңіндегі алғашқы Жарлығын ауылды дамытуға арнаймын деді. Осыған ерекше қуандым. Бұл – өте жақсы бастамалардың бірі.

Ауылды гүлдендіру, өркендету керек. Біз елдегі үлкен қалалардың урбанизацияға дайын еместігін түсінуіміз қажет. Сол себептен қаладағы барлық инфрақұрылым, мәдениет үйлері, жақсы медициналық орталықтарының ауылда да салынғанын қалаймыз.

Бізде «Ауыл – ел бесігі» деген жоба бар. Бірақ ол жоба бойынша алдағы 5 жылға арнап сайлауға дейін 500-ақ (!) млрд теңге бөлінген. Бүгінде 200 млрд-қа жуығы ғана игеріліп үлгерген. Ал алдағы жылдарға 1 трлн теңгеден астам қаражат бөлінетіндігі айтылуда. Бұл деген қомақты қаражат.

Әділетті Қазақстанға сенемін! Ол ешқашан тоқтамайтын процесс. Бізге 7 жылдан кейін де, 10 жылдан кейін де әділетті Қазақстан керек. Соған ақырындап қадам басып келеміз.

 

Елнұр БЕЙСЕМБАЕВ,

Мәжіліс депутаты