• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Қоғам 28 Қараша, 2022

Республикалық маңызы бар жолдар барлық бағыттар бойынша ашық

310 рет
көрсетілді

Республикалық маңызы бар жолдар барлық бағыттар бойынша ашық, деп хабарлайды Egemen.kz «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Республикалық маңызы бар тасжолдарды қардан тазалап, құм-тұз қоспасымен өңдеуге 230 бірлік арнайы техника мен 300 маман жұмылдырылды. Демалыс күндері күре жолдарға 300 м3-тен астам құм-тұз қоспасы себілді.

26-27 желтоқсан аралығында еліміздің 9 өңірінің республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында 40-тан астам рет қозғалысқа шектеу енгізілді. Жолшылар республикалық трассаларда қар құрсауында қалған 300-ден астам жүргізушіге көмек көрсетті.

Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар тасжолдар ашық.

ҚазАвтоЖол мамандары жолдың жай-күйіне тәулік бойы мониторинг жүргізуді жалғастыруда. Өткен демалыс күндері ғана 1403 қысқа нөмірі бойынша жұмыс жасайтын call-орталықтың операторлары республикалық трассаларды пайдаланушылардан келіп түскен 2000-нан астам қоңырауды өңдеді.