Синоптиктердің мәліметінше, 28 қараша кешкі сағат 19:00-ден бастап Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында ауа температурасы -30С-тан төмен болуы мүмкін, деп жазады Egemen.kz.
Осыған орай жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кешкі сағат 19:00-ден бастап жоғарыда аталған өңірлердің барлық республикалық автожолдарында дизельмен жүретін және қоғамдық көліктер қозғалысы уақытша шектеледі.
Сондай-ақ ҚазАвтоЖол ұлттық компаниясы жолаушылардан маршрутты алдын ала түзетуді, алыс сапарға шықпауды және ауа-райы болжамын мұқият қадағалауды сұрайды.
«Штаттан тыс жағдай туындаса жүргізушілер мен жолаушыларға ҚазАвтоЖол ұлттық компаниясының 1403 қысқа нөмірі бойынша тәулік бойы жұмыс жасайтын call-орталығына хабарласуға кеңес береміз», делінген компания хабарламасында.